Home page Notizie
Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллдың архипастырьл…

Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллдың архипастырьларға, пастырьларға, монахтарға және Орыс Православие Шіркеуінің барлық берілген ұл-қыздарына Пасхалық жолдауы

Қадірлі бауырлар-архипастырьлар, аса игілікті адал пресвитер-әкелер, құдайға құлшылық етуші диакондар, аса игілікті таза икондар, аға-інілер мен

әпке-қарындастар!

Құдай қайта тірілген жарқын да әлемді Құтқарушы мерекеде пасхалық жақсылық хабардың қанатты және ұлы сөздерімен құттықтау мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын:

ХРИСТОС ТІРІЛІП ТҰРДЫ!

Біз осы ұлы да жарқын түні өмірлік қуанышты шаттыққа кенелеміз, себебі көптеген ғасырлар бұрын көне Иерусалим маңында орын алған оқиғаның біздің әрбірімізге қатысы бар. Оның үстіне, Христостың Тіріліп Тұруы бүкіл жер жүзілік мәнге ие, себебі ол арқылы біздің Құтқарушымыз Өзінің «Менің Әкемнің батасын алғандар келіңдер, әлем пайда болғаннан бері сендерге дайындалып қойған Патшалықты мұрагерлікке алыңдар» (Мф. 25, 34) үндеуіне жауап қатқан әрбір адамға Құдаймен құтты бірігушілікке ие болу мүмкіндігін сыйлады.

Сондықтан да біз Әулие Иоанн Златоустпен бірге жар саламыз: «Ешкім өзінің кемтарлығы үшін жыламасын, себебі барлық адам үшін Патшалық келді!». Христостың Тіріліп Тұруының Жарқын мерекесін тойлай отырып, біз осы сөздердің дұрыстығына куә боламыз, себебі Христостың қанымен күнәсін жуған әрбір адам, тіпті ең соңғы күнәһар да, құтарылудан үміткер. Өзіміздің күнәміз үшін, бүкіл адамзаттың күнәсі үшін де, Крестке Керілгеннің баға жетпес қаны төленген. Күнәдан тазару жемісін қабылдау үшін сенім болу керек және шоқыну керек (қара. Мар. 16, 16). Біздің халқымыздың шомылдырылған, бірақ өмірді өзгертуге қабілетті сенімге ие адамдар қандай аз!

Христоста өмірдің өзгеруі тек жақсы жаққа қарай өзгеруді ғана білдірмейді. Бұл жер бетіндегі қазіргі өмірімізде де, келешек ғасырларда да адамды өмір салтанатына және тұрмыстың толықтығына апаратын түбегейлі өзгеріс (қара. Иоан. 10, 10).

Қасиетті Пасха мерекесі біздің бұдан екі мың жылдаған уақыт бұрынғы оқиғалармен ғана емес, «бүкіл нәрседе Құдай» болатын (1Кор. 15, 28) болатын келешектегі «мәңгілік ақиқаттың» (ср.: Дан. 9, 24) салтанат құруымен де үзіліссіз байланысымызды айқын сезінуімізге көмектеседі. Біз жомарт Жаратқан адамзатты құтқаруға апаратын «Құдайдың байлығы мен кемеңгерлігін және жүргізуінің» тереңдігін сезіне отырып, адамзат тарихында Жаратқан ойының жүзеге асырылуын көруге үйренеміз (қара.: Рим. 11, 33).

Христостың Тіріліп Тұруын мысалға ала отырып, тарихқа көз сала білу қазіргі дәуірде – әлемге жаңалықтар арқылы көз салу басым болып отырған, адамның қалаулары мен ұмтылысы бір сәттік қамдармен шектелген, зулап бара жатқан өмір замандастарымызды «күндердің сайтан» (Еф. 5, 16) екенін ұмытуға мәжбүрлеп отырған дәуірде әсіресе маңызды.Жаңалықтармен, қорқыныштармен және бір күндік машақаттармен өмір сүре отырып, біз ең басты нәрсе туралы – жан-дүниемізді құтқару, Құдайдың игі және атқарылған ойы туралы ұмытып кетуге бейімбіз.

Христостың Тіріліп Тұруы барлығымыздың адам игілігі үшін крест пен өлімге дейін төмен түскен Құдай сүйіспеншілігінің шынайы ұлылығын көру үшін күнделікті күйбең тіршіліктен жоғарылауымызға мүмкіндік береді. Сондықтан Құдай өзінің қайта тірілуі арқылы әрбір христианның Шіркеуге, еліне, қоғамға, отбасына, жақынына қызмет етуінде ішкі күштерін нығайту сыйлай отырып, адамзат табиғатын жаңартатынын біздің сезінгеніміз өте маңызды.

Қарапайым адамның да, бүткіл халықтың да үлесіне түсетін қиындықтар аз емес: бүкіл әлемдегі адамдар өшпенділіктен, соғыстан, кедейліктен, аурулардан, жалғыздықтан, тұрмыстық жетіспеушіліктен зардап шегіп отыр. Өз сұрақтарына адами логикадан, саяси технологиялардан немесе экономикалық рецептерден жауап таба алмаған әлем жақсырақ өмір іздеп зар қағуда. Шіркеу мен тарихтың өзі куә болып отырғандай, Құдай Сөзімен өмір сүру керек. Сонда Христостың Тіріліп Тұруы аясында бізге өтіп жатқан нәрселердің мәні ашылады және біз қазіргі заманның ең қауіпті деген үндеулеріне жауап беру қабілетіне ие боламыз.

Тіріліп Тұрған Құтқарушы сіздердің де жан-дүниелеріңізге Өзінің уағыздарын сақтауды қалау тілегін құйсын!

Осы салтанаттың қуанышын бір-бірімізбен бөлісейік. Қазіргі кезде зардап тартып, кемтарлық көріп отырғандарды жүректеріміздің жылуымен жылытайық. Пасхалық сәлемімізді бүкіл адамдарға жолдайық: жақындарымызға да, алыстарымызға да. Өзіміз өмір сүріп отырған елдің гүлденуі үшін жалықпай еңбек етейік.

Бізге бейбіт және игілікті өмір сыйлай көр деп Құдайға мінәжат етемін. Шіркеуге Өзінің көмегін және халқымыздың рухани игілігіне жан-тәнімізбен қызмет етуге күш бере көрсін, себебі барлығымыз да сеніммен, үмітпен және сүйіспеншілікпен өстік.

Сіздерге өлімді жеңіп, Өзімен бірге бүкіл адамзатты қайта тірілткен Құдай үшін пасхалық қуаныш сөзімді жүрегімнің тереңінен жолдаймын:

ХРИСТОС ТІРІЛІП ТҰРДЫ!

Христос шынында да тіріліп тұрды!

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы

Мәскеу,

Христос Пасхасы

2010 жыл

Condividere:
Sua Santità il Patriarca Kirill ha fatto un appello in vista degli esempi eclatanti della pressione sulla Chiesa ortodossa ucraina

27.04.2024

Sua Santità il Patriarca Kirill ha presieduta una sessione regolare del Consiglio Ecclesiastico Supremo

16.04.2024

Il metropolita di tutta l'America e del Canada Tikhon porge le sue condoglianze per l'attacco terroristico a Krasnogorsk

25.03.2024

I Primati delle Chiese ortodosse russa e serba hanno presieduto la Divina Liturgia e i funerali del vescovo di Moravica Antonije nella Cattedrale di Cristo Salvatore a Mosca

16.03.2024

Sua Santità il Patriarca Kirill incontra il Primate della Chiesa ortodossa serba

15.03.2024

Sua Santità il Patriarca Kirill ha presieduto una riunione ordinaria del Supremo Consiglio Ecclesiastico

28.02.2024

Messaggio di auguri di Sua Santità il Patriarca Kirill a  Tamás Sulyok in occasione della sua elezione a Presidente dell’Ungheria

27.02.2024

Nel  15° anniversario dell'intronizzazione di Sua Santità il Patriarca Kirill, è stata celebrata una liturgia solenne nella Cattedrale di Cristo Salvatore

01.02.2024

Messaggio natalizio del Patriarca Kirill di Mosca e di tutta la Rus’

06.01.2024

Sua Santità il Patriarca Kirill ha presieduto una riunione giubilare del Consiglio interreligioso della Russia

07.12.2023

Dichiarazione di Sua Santità il Patriarca Kirill sugli eventi avvenuti all'aeroporto di Machachkala

30.10.2023

Il Patriarca Kirill ha partecipato all'incontro del Presidente Vladimir Putin con i rappresentanti delle comunità religiose russe

26.10.2023

Sua Santità il Patriarca Kirill prega per tutti gli uccisi e i feriti dall’attacco missilistico sull’ospedale nella Striscia di Gaza

18.10.2023

Ha avuto luogo una riunione ordinaria del Santo Sinodo della Chiesa ortodossa russa

11.10.2023

Dichiarazione di Sua Santità il Patriarca Kirill in relazione alla ripresa delle ostilità nel Nagorno-Karabakh

19.09.2023

Il metropolita Antonij di Volokolamsk ha visitato la cattedrale delle Sante Donne Mirofore a Baku

30.04.2024

Il Presidente del DECR è arrivato in Azerbaigian

29.04.2024

Il Primate della Chiesa Ortodossa Autonoma del Giappone e il Presidente del DECR hanno celebrato la Divina Liturgia a Tokyo

21.04.2024

Il Presidente del DECR ha incontrato un rappresentante della Chiesa d’Inghilterra

28.03.2024

Il metropolita Antonij di Volokolamsk ha incontrato i rappresentanti della Chiesa copta

28.03.2024

Sua Santità il Patriarca Kirill incontra il Primate della Chiesa ortodossa serba

15.03.2024

Sua Santità il Patriarca di Serbia Profirije è arrivato a Mosca

15.03.2024

Si è conclusa la visita del Presidente del DECR in Libano

11.03.2024

Il Presidente del DECR ha visitato la metropolia dei Monti Libanesi

10.03.2024

Il metropolita Antonij di Volokolamsk ha incontrato il Primate della Chiesa malankarese

27.02.2024

Il metropolita Antonij ha partecipato alle celebrazioni del 1950° anniversario del martirio di San Tommaso in India

26.02.2024

Ha avuto luogo l’incontro tra il presidente del Decr e i rappresentanti della Chiesa dell'India responsabili dei rapporti con la Chiesa ortodossa russa.

25.02.2024

Il metropolita Antonij incontra il nuovo Primate della Chiesa cattolica siro-malabarese

24.02.2024

Il metropolita Antonij di Volokolamsk partecipa ai festeggiamenti nel seminario di Kottayam.

24.02.2024

Il metropolita Antonij è intervenuto durante la riunione del Sinodo della Chiesa dell'India

24.02.2024

Page is available in the following languages
Commenti

I campi contrassegnati con * sono obbligatori

Invia un messaggio